Қазақстан әкімдіктеріндегі сыбайлас жемқорлық: Өңірлер бойынша рейтинг жасалды
2022 жылдың қаңтар-шілде айларында әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің 91 қызметкері сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық жасаған. Ranking.kz мониторинг компаниясы рейтинг жасап, бұл соңғы жылдардағы "рекордтық" көрсеткіш екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық баптары аясында әкімдік қызметкерлерінің көпшілігі келесілер үшін жауапкершілікке тартылды:
- сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру – 28 адам;
- пара алу – 26 адам;
- пара беру – 19 адам;
- алаяқтық – 14 адам.
Өткен жылдың осы кезеңінде 87 жемқор шенеунік ұсталған. Мониторингтік компания биыл сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған мемлекеттік қызметкерлер саны өткен жылдардағы көрсеткіштерден айтарлықтай асып кеткенін атап өтті.
Мәселен, 2020 жылдың осы кезеңінде 11 құқық бұзушы болған.
Өңірлер арасында 13 адам ұсталған Түркістан облысы көш бастап тұр. Одан кейін Қызылорда облысы (11 адам) және Шымкент (9 адам).
Талқылау