Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жемқорлардан қайтарылған қаржы мектептер құрылысына жұмсалуы керек" – Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында 2025 жылға дейін 800 мың оқушының заманауи мектептерде білім алуына жағдай жасалатанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

оқушы

Президент осылайша апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектептер мәселесінің толық шешілетінін айтты. 

"Бұл ауыл және қала мектептеріндегі айырмашалықты азайтады. Мектеп салу үкімет және әкімдіктер үшін басты міндет болу керек. Жемқорлардан сот арқылы мемлекетке қайтарылған қаржы толығымен мектептер құрылысына арналуы керек", – деп атап өтті Тоқаев. 

Айта кетейік, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да азаматтарға қатысты "Қазақтелеком" АҚ мен "Көліктік сервис орталығы" АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған еді. Тергеу барысында заңсыз сатып алынған активтер мен айыпталушылардың жалпы сомасы 240 миллиард теңгеден астам немесе 500 миллион АҚШ долларынан астам ақшалай қаражаты мемлекетке қайтарылды. 

Ал премьер-министр Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау бойынша комиссия жұмысының нәтижесінде республика меншігіне 40-тан аса компания мен 550 мүлік нысаны қайтарылғанын мәлімдеген.

Талқылау