"Қазақстан, 300 жыл бұрын қайда болдыңдар?": Жириновский Павлодардағы көшелердің атауын өзгертуге қарсы шықты
Ресейлік саясаткер, Ресей Мемлекеттік думасының депутаты және Ресей либералды-демократиялық партиясының (ЛДПР) жетекшісі Владимир Жириновский Қазақстан билігінің Павлодардағы көшелерді қайта атау ниетіне наразылық білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан, Павлодар қаласы - 30 көшенің атын ауыстырғалы жатыр: орысша атауларға - қазақшаға беру. Сіздер өздеріңіздің қазақ қалаларыңызды тұрғызып, сол жерде қазақ көшелерін атаңыздар. Басқа біреудікін не істейсіздер? Петр I кезінде, былайша айтқанда, Коряковский форпосты құрылды - тұз өндірушілерді қорғау.
Онда ешқандай мемлекет болмады, дала, кейбір жерлерде көшпелілер жүрді, ал тұз жақын жерде - Орынборда және Павлодарда, болашақ қала болған жерде болды. Қазақстан, 300 жыл бұрын қайда болдыңдар? Болмадыңыздар, жоңғар тайпалары болды, бірақ тайпалар – "Жоңғария" елі болмады", - деді Владимир Жириновский "ЛДПР ТВ" эфирінде.
- "Жерді беріңдер де кетіңдер": Ресейлік депутаттар Қазақстанға қатысты тағы даулы пікір айтты
- "Ол бәрін дұрыс айтты": Жириновский Қазақстан жері туралы айтқан ресейлік депутатты қолдады
Ресейлік саясаткердің айтуынша, бұл Қазақстан тұрғындарының "адамзат бәрін ұмытады және бәрі қазақтарға қалады" деп сенуімен байланысты.
"Ешкім ештеңені ұмытпайды. Орыс әлемі, орыс кеңістігі өз шекараларын қалпына келтіреді және тәртіп орнайды", - деді Жириновский.
Еске сала кетейік, сәуір айының басында БАҚ-та Павлодарда 30 көшеге жаңа атау беру жоспарланып отырғаны хабарланған. Жергілікті қоғамдастық қала билігін бұл мәселені талқылауға қала тұрғындарын шақырмағаны үшін сынға алды.
Айта кету керек, жекелеген ресейлік саясаткерлер, сарапшылар мен БАҚ тарапынан Қазақстанға қатысты аумақтық талаптар тақырыбы жиі көтеріледі.

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
