Қазақстан 1,6 млн теңге көлемінде инвестиция құйған шетелдіктерге ықтиярхат береді
Фото: international.expert
Астана халықаралық қаржы орталығы инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасын кеңейтті. Енді 300 мың доллар (1,6 миллион теңге) көлемінде қаржы құйған шетелдік инвестор Қазақстанда тұруға ықтиярхат пен салықтық жеңілдіктер ала алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлемде мұндай 80-нен астам бағдарлама жұмыс істейтіні айтылады. Олар шетелдік инвестиция тартуға және экономикалық өсімді ынталандыруға бағытталған.
Бағдарлама халықаралық инвесторларға тиімді жағдай жасауға және Қазақстанға сапалы капитал тартуға бағытталған.
Инвестор не алады:
• 5 жылға дейінгі виза немесе Қазақстанда тұрғылықты жерге рұқсат (ықтиярхат);
• жеңілдетілген салықтық режимдегі салықтық резиденттік – шетелден алынған табыстарға салық төлеуден босату.
• Инвестиция көлемі 60 мың доллардан басталса 5 жылдық инвестор визасы, ал 300 мың доллардан асса ықтиярхат беріледі.
Елордалық ЖОО қызметкері шетелдіктерге өтірік шақырту рәсімдеп берген
Жаңа Салық кодексінен кейін кімдер декларация тапсыратыны белгілі болды
Еске салайық, бұған дейін Қырғызстан азаматы Ярослав Акулич 18 жылдан бері Қазақстанда тұрады. Оның айтуынша, ол инвестициялық жобаларға салған 30% үлесін қайтарып ала алмай, қылмыстық топтың қысымына ұшыраған. Үлесі заңсыз түрде басқа адамдардың атына рәсімделгенін айтып, президент пен құқық қорғау органдарынан көмек сұрады. Алматы полиция департаменті бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Екі қыз анасыз қалды: Атырауда ер адам әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді
