Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақша онлайн-диктантты қалай жазу керек? Білу керек ережелер мен кеңестер

Қазақша республикалық онлайн-диктант 24 мамырда Stan.kz сайтында өтеді.

Оған қалай қатысу керек екенін әрі қарай оқыңыз. 

1-қадам. Dictant.stan.kz сайтына кіріңіз.

2-қадам. Тіркелу жолағындағы сайтқа кіру батырмасын басып, Google арқылы кіресіз. Ол үшін gmail поштаңызбен тіркеліңіз.

 

Ескерту: Міндетті түрде жұмыс істеп тұрған gmail поштасын жазыңыз. Себебі тұлғаңыз расталмаған жағдайда ұтысқа қатыса алмайсыз.

3-қадам. Диктанттың толық мәтінін тыңдаңыз. Оны журналист Ғалым Қалмен оқиды. 

4-қадам. Диктантты барлық ережені сақтай отыра, арнайы терезеге жазасыз, ол видеоның астыңғы жағында орналасады. Диктантты қазақша пернетақтасы орнатылған компьютер/ноутбук арқылы немесе ұялы телефон арқылы теруге болады.


Телеграмдағы каналымызға жазылып, диктант басталғанда хабарлама алыңыз.


Диктант кирилл әріптерімен жазылады. 

5-қадам. Барлық мәтінді тағы бір рет тыңдаңыз, әр сөзі мен тыныс белгісіне назар аударыңыз.

6-қадам. Диктантты тексеріске жібермес бұрын, оны бір оқып шығыңыз.

7-қадам. Диктантты тексеріске жіберіңіз.

8-қадам. Жазған мәтініңізді дұрыс мәтінмен тексеріңіз, бағаңызды біліп, қатысқаны үшін сертификатын сақтап алыңыз. 

Онлайн-диктантты жазушыларға маңызды ақпарат: 

Мәтінді дәл әрі толық жазыңыз, сөздерді ауыстырмаңыз және тастап кетпеңіз, бөтен сөздер қоспаңыз.

  • Диктанттың уақыты шектеулі екенін естен шығармаңыз, жалпы 30 минут беріледі. Уақыт мәтінді тергеннен бастап жүреді.  
  • Сызықшаның орнына "дефис" (-) белгісін қоюға болады, сол және оң жақтан бос орын қалдырыңыз. Осылай жазғанда бағдарлама оны қабылдайды. 
  • Мәтін абзацтарға бөлінген. Экранда әрбір ескерту көрсетілген кезде мәтінді жаңа жолдан бастап жазыңыз. 
  • Тексеруге жібермес бұрын жазылған мәтінді оқып шығыңыз, асықпаңыз. Мәтін жіберілген соң өзгеріс енгізу мүмкін болмайды. 
  • Ең үздіктердің арасында 10 адамға 200 мың теңге ақшалай сыйлықтар ойнатылады.  

Жобаның серіктесі – Dauletten қоры

Диктантты сәтті жазып шығуыңызға тілектеспіз!

Талқылау