"Қазақмыс" шахтасында кенші ауыр жарақат алып, көз жұмды
"Қазақмыс" компаниясына тиесілі шахтада 39 жастағы жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресми мәлімет бойынша, 5 қарашада "Қазақмыс" компаниясының Шығыс Жезқазған кенішіндегі №57 шахтасында жазатайым оқиға болып, 39 жастағы қызметкері қаза тапты.
"Жұмысты орындау кезінде 1984 жылғы тау-кен шебері ауыр жарақат алып, көз жұмды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. "Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқан адамның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады", – делінген "Қазақмыс" хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін "Қазақмыс" кенішінде алты жұмысшы жарақат алғаны туралы жазған едік. Конвейердің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар "Стакермен" бірге кен үйіндісіне құлаған. Оқиға Ұлытау облысында "Қазақмыс" тобының "Жыланды" кенішінде болды.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған