"Қазаққа ғана дәлелдей алмай келемін": Майра Мұхамедқызы өнердегі өкінішін жеткізді
Танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы өнер саласында жүріп, “халық әртісі” деген атақты ала алмай жүргенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ФФото: https://www.instagram.com/mairaopera/
Өнер иесі Қырғызстан ұлттық консерваториясының “Құрметті профессоры” атағын алған.
“Қырғызстан Республикасы Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен өткен еларалық форум келгендерді бей-жай қалдырмады. Әлемнің 52 елінен келген қонақтар таңдай қақты. Бұл кездесу музыка саласында сенсация болды. Қырғызстан ұлттық консерватория ректоры әрі халық артисі композитор Мұратбек Бегалиев мырзаның әлемдік аренадағы беделі мен шақыруының арқасында ұмтылмас тарихи кештер өтіп жатыр”, – деп бастады әңгімесін әнші.
-
RAMS Qazaqstan компаниясы Димаш Құдайбергеннің Ыстамбұл қаласында өткен концертіне қолдау көрсетті
-
"Қай еңбегі үшін?”: Бүркіттің жары Аиша “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды
Айтуынша, шетелдегі әріптестері опера театрына жұмысқа шақырып, түрлі жалақы ұсынып, құрметті атақтарды берсе де, өз елінде қалуды жөн көрген.
“Мен Астана Шабыт академиясында бес жыл вокалдан сабақ беріп, шәкірттерім халықаралық жүлделер алып жеңіспен оралғанда еңбегімді ешкім бағалаған емес. Сондағы алған жалақым – 17 мың теңге. Ойласам, күлкім келеді. Қайран уақыт пен сарқылған қуатың. Ал қырғыз бауырлар Қырғызстан ұлттық консерваторияның профессор атағын баяғыда беріп қойған. Ал біздегі атақ жайлы ойлаудың өзі жаныңа батады. “Халық әртісі” атағы жаңғырған былтырғы марапатта маған неге берілмегенін айтпай-ақ қояйын. Еңбегімді қазаққа дәлелдей алмай, бағалата алмай жарты ғасыр өмір өтіп барады. “У Вас все впереди" дейтіндерге айтарым, атаңның басы!”, – деп ашуланды опера әншісі.
Еске салайық, Тоқаев мәдениет пен өнер қызметкерлерін "Парасат" және "Құрмет" ордендерімен марапаттаған еді.