"Қазақфильмнің" вице-президенті 5 жылға сотталды
Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" АҚ вице-президенті сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Алматының Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" АҚ бұрынғы вице-президенті С.С.Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды.
“Ол Алматы облысы Іле жағалауындағы "Көшпенділер" киножобасы аясында нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен салынған "Түркістан қаласы" Бутафор бекінісін заңсыз іске асыру жолымен мемлекетке залал келтіре отыра оны жымқырғаны үшін сотталды”, – делінген хабарламада.
Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылды.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған