"Қазақфильмде" кино түсіруге бөлінген 400 миллион теңгенің жымқырылғаны анықталды – Прокуратура
Алматы қаласының прокуратурасы Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамында бюджеттен бөлінген 400 миллион теңгенің жымқырылғанын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қаласының прокуратурасы "Қазақфильм" акционерлік қоғамында жүргізілген тексеріс қорытындысын жариялады.
"Ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, фильмді түсіруге бағытталған 400 миллион теңгеден астам қаражатты жымқыру фактісі анықталды", – делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеуді Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр.
"Балаларыңызды тартып аламыз": Жалғызбасты анаға пранк жасап, үй сыйлаған "Харекет" қоры сынның астында қалды
“Харекет” қоры жариялаған видеода үш баласы бар жалғызбасты ананың ауыр тағдыры көрсетілген
Пойызда қызға қол жүгірткен ер адамның үстінен екі бап бойынша әкімшілік іс қозғалды
Көліктегі полиция: "Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материалдар қарау үшін сотқа жолданды"