Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бестөбедегі атыста 14 шахтердың тапанша оғынан жарақат алғаны белгілі болды

Ақмола облысының Бестөбе ауылындағы “Қазақалтын” кәсіпорнының шахтасында болған қақтығыста 14 шахтердің тапанша оғынан жарақат алғаны белгілі болды.

249

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бұл жөнінде Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Ержан Сәденов мәлімдеді.

«Шахтаға заңсыз түскендері бар» – деген күдікпен жер астынан көтерілген шахтерлерді аталмыш нысандағы күзет фирмасының жұмысшылары тексермек болады. Содан екі тараптың келіспеушігі салдарынан төбелес басталған. 8 күзетші мен 20-дан астам шахтер өзара жұдырықтасқан. Ал оқ атқандар көмекке жеткен күзетшілер екен. Тапаншалар күзетшілердің жеке қарулары болып шықты. Фирмаға тиесілі емес. Оқиға орнына жеткен 2 учаскелік полицей де сол жерде дене жарақаттарын алған.

– “Кінәларын мойындап отыр. Шынымен атқан. 2 адам қамауға алынған еді. Қазір әрқайсысына 1 миллион 600 мың теңге кепілдік төленіп, олар босатылды. Кеншілерге қатысты да бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төбелеске 20 шақты адам қатысқан. Іштерінен белсенді болған 3 адам 128-бапқа сәйкес ұсталды. Олар да кепілдікпен босатылды. Қылмыстық іс жүріп жатыр. Барлық кәнілілер заңға сәйкес жауапқа тартылады”, – дейді Ақмола облысы  ІІД бастығы Ержан Саденов.

16 маусым күні Бестөбе кентінде алтын өндірумен айналысатын «Қазақалтын» алып компанияның жұмысшылары мен «Мыс-орда» күзет агенттігінің күзетшілері жанжалдасқан. Салдарынан 24 адам зардап шегіп, 4-уі ауруханаға жеткізілді.

«Қазақалтын» қызметкерлері мен заңсыз алтын іздеушілер арасында атыс болғанын, Екі күзетші Бестөбедегі жанжал кезінде негізсіз оқ атқан деп күдіктелгенін хабарлаған едік.

Талқылау