Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ журналисі: Трамптың аксессуарымен тең тұру үшін елбасы 80 мың доллардың сағатын тақты-ау

Журналист, блогер Өркен Кенжебек елбасы мен АҚШ президентінің кездесуі жайында сөз қозғады.

“Мынау фотода қол алысу сәтіндегі алақанға алақанды бағыттау траекториясын бағып тұрған көздерді қарасаңызшы. Миллиметр былай, миллиметр олай мүлт кетпеуін қабырғадан жәутең қарап Вашингтон мен Джефферсонның, үстелден сығалап тұрған Мартин Лютер Кингтің өзі бақылап тұрғандай. Черчилль болса, жауапты сәтте сезімін жасыра алмай, оң жақтағы кісінің артына жасырынып тұр. Дүниенің жүзіне дегенін жасап тұрған Доғал кабинеттің ішінен фотоға сыйған символизмдер осы”, – деп жазады Өркен Кенжебек желідегі парақшасында.

“Елбасының галстугына қараңызшы – қызыл түстің қошқыл, қаншарап реңкі. Стиль мамандары бұл ешқандай шалт қимылсыз, артық сезімсіз, өзара сенім орнатуға шақырудың белгісі дейді. Бір шүберектің өзі “Бізге сенші” дегенді үндемей жеткізіп тұр. Көйлегінің жеңдеріне біз жақсы білетін, Қазақстан туы бейнесіндегі көк запонкаларды тағыпты. Трамп қой, алабажақ туын кеудесіне тағып алған… Бізге елімізді сүйетінімізді де әзірге жең ішінде жасыра тұруға тура келеді. Сағаттан механикасын, классикалық стильдегі, қара браслеттісін таңдаған. Циферблаты анық көрінбеді. Сондықтан, ол отандық “Отан” (1000$) да, Елбасы ұнататын швейцариялық Blancpain (10 000$) да болуы мүмкін (екеуі де қара браслетте еді, салыстырмалы түрде арзан). Бірақ, бұл Обаманың президенттігі кезінде жарасар еді – Барак мырза 200 доллардың қытайский сағатын тағып өтті ғой. Ең болмаса, елу доллардың сағатын тағып қана президент болған Билл Клинтонмен кездескенде, жарар ма еді?

Бірақ, бұл Трамп.. Миллиардер. Шоумен. Ол 40 мың еуроның Vacheron Constantin-ін, кем дегенде 25 мың доллардың Rolex-ін тағады. Елбасы бұны білмейді емес, біледі. Менің болжамымша, кеше елбасының қолында кемі сексен мың доллардың Patek Philippe Perpetual Calendar-ы болды-ау. Не осы құралыптас Breguet я басқа. Трамптың аксессуарымен тең тұру үшін”, – дейді журналист.

Тағы да оқыңыз:

Назарбаев Трампқа: Сіз таңғаларлық салық реформасын жасадыңыз, оны 5 жыл бұрын жүзеге асырғанмын

Мұхамеджан Тазабек: Головкин біздің балалардай емес, миллиондарды кешіп жүргеніне қарамай тым қарапайым екен

Жіпті тартқанда көлік жарылды: Алматы облысында бизнесменге қастандық қалай жасалды

Талқылау