Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ жігіті Ресейде отқа оранған автобустан 50-ге жуық жолаушыны аман алып шықты

Ресейде іші адамдарға толы автобус түн ортасында отқа оранды. Егер 37 жастағы Ержан Аманханов болмағанда жолаушылардың көпшілігі мерт болуы мүмкін еді.

Қазақ жігіті Ресейде отқа оранған автобустан 50-ге жуық жолаушыны аман алып шықты

Қызыл жалыннан 50-ге жуық адамның құтқарылғаны туралы «Новосибирск» жергілікті телеарнасында хабарланды, деп жазады Stan.kz.

Тас жолмен келе жатқан «Семей – Новосібір» жолаушылар автобусы бірнеше минуттың ішінде өртке оранып кеткен. Ал балалар күресінің жаттықтырушысы Ержан Амарханов өрт тұтанғанын алғаш сезіп, ұйқысынан оянған. Автобустың өртеніп бара жатқанын көрген қазақ жігіті бірден жолаушыларды оятып, әрекет етті. Ол автобусты тоқтатып есіктерді бұзып, санаулы минуттың ішінде лаулаған оттан ұйқылы ояу адамдарды өзі алып шықты.

«Егер Ержан мені және қарындасымды оятпаса біз өліп кетер едік. Біздің жолымыз болды. Ол есікті сындырып, автобустағы балаларды сыртқа алып шықты»,- дейді өртенген автобустың 15 жастағы жолаушысы Кирилл Рявкин.

Аманхановтың өзімен болған заттарының бәрі өртеніп кеткен. Осылайша, ол ақшасыз және құжатсыз қалды. Бірақ, ол ең бастысы өрттен ешкім зардап шеккен жоқ деп сабырлық көрсетті.

«Мен өзім осылай жасадым деп кеудемді соғып мақтанбаймын. Ең бастысы, бәріміз аман-есенбіз. Менің құжаттарым, көші-қон карточкасы, жеке куәлігім, және көлік аламын деп алып шыққан 270 мың ақшамның бәрі жанып кетті»,-дейді ол.

Дегенмен, жергілікті көші-қон департаментіндегілер қазақстандық жігітпен кездесіп, құжаттарды жылдам рәсімдеуге көмектесті. Сонымен бірге, олар Аманханов Омбыдағы елшілікке барып, төлқұжатын қайта жасату үшін оған куәлік берді.

Сондай-ақ, жолаушыларды ажал аузынан алып қалған батырымызды тіпті сырттан келгендер де танып, оған көмек пен ақша ұсынады екен.

Ал, автобусты иеленуші компания Ержан Амархановқа 50 мың рубль, шамамен 269 000 теңге өтемақы төлеген. Сонымен қатар, бес күннің ішінде тағы 100 мың рубль төлеуге уәде еткен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау