Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тіліндегі тұңғыш онлайн-диктантқа қалай қатысуға болады?

15 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Stan.kz редакциясы қазақ тіліндегі тұңғыш онлайн-диктант өткізеді. Жазба жұмысына қалай қатысуға болады?

Онлайн-диктант – сіз білетін бұрынғы диктанттың түрленген нұсқасы. Ескі ережелерге жаңа мүмкіндіктер қосылды. Бұл диктантты жазу үшін интернетіңіздің болғаны жеткілікті.

Диктант қалай өтеді? 

15 желтоқсан сағат 08:00-ден бастап dictant.stan.kz парақшасында мәтінді оқитын спикерлердің видеосы жарияланады. Оны қарап шығып, айтқандарын мұқият тыңдап, диктант жазасыз.

 

диктант

Айта кетейік, диктантты жазуға берілетін уақыт шектеулі. Және жазбаны бірнеше рет тыңдауға шектеу қойылады. 

Мәтінді жазып болған соң, сіз қай жерде қате жібергеніңізді көріп, баға қойылған сертификат аласыз. Бұған қоса, жазба жұмысын ең үздік орындап шыққан бес қатысушының арасында бағалы смартфон ойнатылады. 

Бізді қолдағандар: Huawei компаниясы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау қалалары мен Алматы облысының әкімдіктері, Алматы метрополитені, "Алматы", "Еуразия", "Қазақстан" арналары.

 

Талқылау