Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызына үйленген араб жігіті жұбайына Шымкенттен үш бөлмелі пәтер сыйлады

Қазақ қызына үйленіп, қалыңмалына 10 млн теңге берген араб жігіті Сұлтан Әзиз елді таңғалдыруын жалғастыруда. Бұл жолы ол келіншегі Динара Мұсабаеваға Шымкенттен үш бөлмелі пәтер алып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қуанышты хабарды Динара Мұсабаева желідегі парақшасында бөлісті. 
Сұлтан Әзиз жұбайына арнап романтикалық кешкі ас ұйымдастырып, сол жерде тосынсый жасады. Динараға бір құшақ гүлі мен үш бөлмелі үйдің кілтін табыстады. 

Динара Мұсабаева мен араб жігіті Сұлтан Әзиздің некелескені жайлы ақпарат желіде тараған еді. Араб жігіті қалың мал ретінде қалыңдықтың анасына 10 млн теңге ұсынды. Динараның айтуынша, анасы бұл ақшаны үйдің жасауына деп қайта әкеліп берген. 



"Альхамдулиллах осы күніме. Алла қосқан жарым 3 бөлмелі пәтер сыйлыққа берді махр ретінде. Анам күйеуімнің әкеліп берген қалыңмалын қосты. Рахмет, анашым, бізді қолдағаныңызға", – деп жазды Динара Мұсабаева. 

Айта кетейік, бұған дейін Динара Мұсабаева өзі, сүйіктісі жайлы айтып берген еді.

Талқылау