Қазақ қызы үш дүркін Ресей чемпионатының жеңімпазы атанды
Этникалық қазақ Салтанат Меденова бокстан үшінші рет Ресей чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ресей бокс федерациясы
Этникалық қазақ Салтанат Меденова бокстан Ресей чемпионатында кезекті рет жеңіс тұғырынан көрінді. Омбы облысының намысын қорғаған Меденова 81 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, үшінші рет алтын медаль еншіледі. Ресейдің 48 өңірінен 172 спортшы қатысқан сынның финалында қазақ қызы әлем чемпионы, краснодарлық Анастасия Демурчяннан басым түсті. Сөйтіп чемпион атанып қана қоймай, бірінші орын иеленген үшін 1,5 млн рубль алды.
Айта кетейік, Салтанат Меденова осымен үшінші мәрте Ресей чемпионы атанып отыр. Сондай-ақ ол биыл халықаралық БРИКС ойындарында алтыннан алқа таққан еді.
"Оңай" картасының ресейлік "Золотая корона" жүйесімен қандай байланысы бар: Алматы әкімдігі түсініктеме берді
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды

