Қазақ қыз Африкада бастауыш сынып оқушыларын оқытып жүр

Видеодан скриншот
Данель Берсебаева Сенегал астанасы Дакарда жергілікті мектептің бастауыш сынып оқушыларына сабақ беріп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Мен Африкаға үш ай бұрын өз магистратурам бойынша алмасу бағдарламасы арқылы келдім. Мақсатым тек турист болу емес, қызықты волонтерлік жобамен айналысу болды”, – дейді Данель Jibek Joly телеарнасындағы "Bugin LIVE" бағдарламасында.
Студент қазіргі уақытта балаларға математика, француз тілі, география және ағылшын тілінен сабақ береді. Сонымен қатар мектептерге кеңес құралдарын таратып, құжаттармен жұмыс істейді және демеушілерді тартады.
Сенегалда тез бейімделуге оған Франциядағы магистрант достары көмектесті. Волонтерлік тәжірибеден бөлек, Данель магистратураны аяқтаған соң өз мамандығы бойынша жұмыс іздеуді жоспарлап отыр. Мемлекеттік компаниядан ұсыныс келсе, оны қуана қабылдайтынын айтты.
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"