Қазақ күйлерін домбырада еркін ойнаған жапон жігіті тыңдармандарын сүйсінтті (видео)
Стамбул қаласында қазақ күйлерін домбырада еркін ойнаған жапон жігіті тыңдармандарын сүйсінтті.

Туристер көп шоғырланатын жерде қара домбырада күмбірлетіп күй төккен жапон баласын ақтөбеліктер видеоға түсіріп алып, Aktobenews.kz редакциясына жолдады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
«Оның жапон екенін білгенде аузымызды ашып қалдық. Кез келген күйдің атын айтсақ, ол емін-еркін ойнап әкете береді. Есімін сұрадық, алайда жапонша болғандықтан есімізге сақтай алмадық», — дейді Түркияда жүрген ақтөбеліктер.
Жапон баласы түрік тілінде сөйлей алмайды екен, қазақша да түсінбейді. Алайда, домбыра аспабына ерекше ғашық болғанын ұғындырған.
Тағы да оқыңыз:
Аю адамдардың қарсылығына қарамай жас жігітті талап жеді (видео)
Полицей әйелді бір ұрып қолындағы баласымен бірге сұлатып түсірді (видео)
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті
Қазақстанда сергек жүргізушілерді полициямен келісіп әрекет етті деп айыптады: Бұл схема қалай жұмыс істейді
Сергек жүргізуші алыста тұрғанын айтып, мас қызға рөлге отырып, сәл жақындауын өтінген