Әлдекімдер қазақ әшекейімен төсін жалаңаштаған қыздың мұрнын сындырып кетті (видео)
Төсін жалаңаштап танылған тараздық бойжеткен Шырын Нарчаеваның соққы алған сәті жарияланды.
Шырын Нарчаева дәретханада соққы алды. Бұл көрініс түсірілген видео желіде жарияланды.
Кадрда модельге екі бейтаныс жігіт жақындайды. Олар бойжеткенді соңғы видеожарияланымы үшін жазаламақ болғанға ұқсайды.
Видеодағы айқайға қарағанда Шырынды бірнеше рет ұрған. Бір уақытта оны өзге ер адам арашалап, полиция шақыртады. Кейіннен Шырын мұрнының сорғалаған қанды жуып кетіреді.
Оқиғаның шынында осылай болғаны әлде сценарий бойынша түсірілген видео екені белгісіз.
Айта кетейік, Тараз тұрғыны Шырын Нарчаева жалаңаш суреті үшін көпшіліктің талқысына түсіп, дауға ілікті. Желідегілер қыздың ұлтты қорлағанын айтып, қорқытып-үркітіп жатты.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ