"Қайтыс болар алдында анасымен сөйлесіп тұрған": Алматыда 14 жастағы жеткіншекті көлік қағып кетті

Алматыда тағы бір жол апаты орын алды. 14 жастағы жасөспірім шетелдік көліктің астында қалып қайтыс болды. Алған жарақаттарынан ол жедел жәрдем келгенге дейін бақилық болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп.

"Lexus" маркалы автокөлігі Бекмаханов көшесімен келе жатқан, бірақ жаяу жүргінші кенеттен жолға шығып кеткен. Соқтығысуды болдырмау мүмкін болмады. Жасөспірім алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Оның жасы небәрі 14-те болған. Ол достарымен кездескеннен кейін үйіне қайтып бара жатқан.

Жолды қысқартуға шешім қабылдап, қайғылы оқиға орнынан бірнеше метр қашықтықта орналасқан бағдаршамнан өтпеген. 



"Оған сол кезде анасы хабарласқан. Анасымен сөйлесіп тұрғанда жолдан өтіп бара жатты. Анасы соқтығысқан дыбысты естіді", - дейді марқұмның досы.

Қайтыс болған адамның достары әлі күнге дейін болған жағдайға сенбейді. Ол өмірді өте жақсы көрді және болашаққа үлкен жоспарлары болған, - дейді достары. Жол апатына қатысты істі қазір полицейлер тергеуде.

"Аталған факті ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - дейді Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі. 

Сараптама нәтижелері автокөлік жүргізушісінің қандай жылдамдықпен қозғалғанын көрсетеді. Жасөспірімнің абайсызда қайтыс болғаны үшін ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Айта кетейік, қайтыс болған жеткіншек отбасындағы жалғыз бала болды.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр