"Қайтып келіп, оларды өлтіріп кеткен". Көкшетауда өлтірілген қарт ерлі-зайыптының балалары полицияның әрекетіне наразы

Көкшетауда аяусыз өлтірілген егде жастағы жұптың балалары полицияның әрекетіне наразы,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Көкшетау Азия" басылымына сілтеме жасап.

84 жастағы Әкімбек пен 78 жастағы Құралай Бейсенбаевтар 30 сәуір күні таңертең өлі күйінде пәтерлерінде табылған: екі қарт тұншықтырылып, пышақ жарақатынан көз жұмған. Ал бірнеше күн бұрын, 25 сәуір күні белгісіз біреулер олардың пәтеріне кірмек болған: балкон терезін сындырып кеткен.

Марқұм қариялардың балалары қылмыскерлер қайтып келіп, ата-анасын өлтіріп кеткеніне сенімді.

"Бірінші рет таңертең тонамақ болған. Ұрылар әке-шешемнің айқайынан қорқып, кетіп қалған.  Әкем полицияға арыз жазды. Опергруппа келіп, бөтелкеден іздерді алып, хаттама толтырып, кетіп қалды. Көршілерден де ештеңе сұрастырмаған, бізді де шақырмады. Осы уақытқа дейін істі кім жүргізетінін де білмейміз. Біздің өз күдігіміз болды, оны тергеушімен бөліскіміз келді. Алайда бөлімшенің полиция қызметкерін таба алмадық. Ол өзі келмеді, ал әкем оған хабарласа алмады. Бес күн ішінде ешқандай шара қабылданған жоқ", - дейді көз жұмғандардың баласы Хакім Бейсенбаев "Көкшетау Азия"-ға берген сұхбатында.

Үйдің ауласында бейнебақылау камералары жұмыс істейді.

Айта кетерлігі, жазба қарауға алынған. Ал әлеуметтік желілерде видеодан жасалған скриндар мен күдіктінің бейнесі көрінетін видеода таралып үлгерген.  Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеген.

"Осы камералар бойынша қылмыскерлерді алғашқы тонау әрекетінен кейін де анықтауға болар еді. Бірақ олар видео жазбаны тіпті көрмеген де", - деп күйінеді Бейсенбаевтар әулеті.

Балаларының айтуларынша, ата-аналары дені сау, тың адамдар болған, он бала тәрбиелеп өсірген. Пәтерге түскендер алтын мен екі кілтті ұрлап кеткен.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі өз кезегінде тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Барлық нұсқалар тексерілді. Резонанс тудырған іс полиция бөлімі мен Ішкі істер министрлігінің басшылығымен», - деп түйіндеді баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Көкшетау қаласының тұрғындарын өлтіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының екінші бөлігімен (адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Осы бап бойынша қылмыскерлер он бес жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр