"Қайсар" футбол тобының ойыншалары коронавирус жұқтырған: Жаңа деректер айтылды
Қазақстандық "Қайсар" футбол құрамасының өкілдері 25 ойыншы коронавирус жұқтырды деген ақпараттан соң жаңа мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"1 шілдеде футболдан ел біріншілігі жалғасады. Сондықтан талапқа сәйкес "Қайсар" футбол клубы өткен сәрсенбіде тест тапсырған болатын. Тест нәтижесімен кейбір футболшылардан оң нәтиже анықталды. Бүгін команда екінші мәрте қайта сынамадан өтті. Тест нәтижесі барлығында да теріс нәтижені көрсетті. Футболшылардың денсаулығы қалыпты жағдайда. Ойыншылар алдағы кездесуге дайындығын жүргізуде", - деді футбол тобының өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін "Қайсардың" бірден 25 футболшысы коронавирус жұқтырды деген ақпарат айтылған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар