Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық "Қайсар" футбол тобының 25 ойыншысы коронавирус жұқтырды

"Қайсар" футбол құрамасының бірден 25 ойыншысы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.  

футбол

Бұл туралы топтың бас жаттықтырушысы Стойчо Младенов мәлім етті. 

"Қайсардың" 10 ойыншысының тапсырған талдауы коронавирус бар екенін анықтады. Егер "Байқоңыр" жастар командасындағы инфекцияға шалдыққандарды қоссақ, жалпы сырқаттанғандар саны 25-ке жетеді. Мен және менің бапкерлер штабымның өкілдері, сонымен қатар Болгариядан келген Александар Колевтің вирусқа тапсырған талдауы теріс нәтиже көрсетті", - дейді топ жаттықтырушысы.

Сондай-ақ ол "Қайсардың" 1 шілде күнге жоспарланған ойыны өтуі екіталай екенін жеткізді. Сөзінше, қазіргі таңда жаттығу тоқтатылыпты. 

Айта кетейік, "Қайсар" құрамасы "Тараз" футбол тобының ойыншыларымен бақ сынасуы қажет болған.

Еске салайық, бұған дейін ФИФА Қазақстанның футболын қолдауға 1,5 млн доллар бөлгені айтылған еді. 

Талқылау