"Қайсар" футбол клубы ойыншыларының Ақтөбеге пойызбен бара жатқан видеосы тарады
Футболдан Қызылорда облысының “Қайсар” командасы Қазақстан Премьер лигасының кезекті тур ойынына пойызбен бара жатқан видеосы кеңінен тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан Премьер лигасының 4 тур аясында “Ақтөбе” футбол командасына қарсы өтетін ойынға қызылордалық команда пойызбен аттанған. Бұл видеоны “Қайсар” футбол клубы Instagram желісіндегі жеке парақшасына салды. Клубтың баспасөз қызметі футболшылардың билеттерін тексеріп жүрген жолсеріктің видеосымен бөлісті.
Әлеуметтік желідегі бейненің парақшасында команданың қарапайымдылығына оқырмандар ризалығын білдірді. Видео астынан “Қарапайым Қызылордамның жігіттері”, “Қандай нәтиже көрсетсеңдерде қолдаймыз” деген фалловерлер комменттерін оқуға болады.
Айта кетейік, осы маусымда Қызылорда облысының командасы ҚПЛ-да тек қазақстандық футболшылармен ойнайтын жалғыз команда.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?

