Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайраттай бала тәрбиелеп алсын!": Роза Әлқожа әріптесі Гүлзира Айдарбекованың туған күнінде ерекше жазба жариялады

Белгілі әнші, сазгер Роза Әлқожа өнердегі әріптесі, продюсер Гүлзира Айдарбекованың туған күнімен ерекше құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Өнер иелерінің парақшасынан алынды

Өнер иесі әріптесіне қолдау білдіріп, халық айтқан жағымсыз пікірді елемеуге кеңес берді. 

“Көп адам сізге “Ана” деп қарауды ұмытып кетті. Сіз қаншама еңбекпен шығарған ұлыңыздың әні қанша рет жүректерін жылытқанын ұмытып кетті. “Өкініш”, “Ауырады жүрек болғасын” деп әндетпеген адам аз шығар?! Бүгінде әншілерді бір-біріне шағыстырып, арандатуға көшкендер көп. Өкінішті… Сізге тиіскен кейбіреу өзі Қайраттай бала тәрбиелей ала ма екен?! Сіз жүрген жолмен жүре ала ма екен?! Жаны нәзік болса да, қажымаған бір әулеттің әжесіне осы жұрт неге атарға оқ іздеп жүр?!”, – деп жазды әнші. 



Сондай-ақ өнер иесі Қайрат Нұртасты Димашпен салыстырған дауды да есіне алды. 

“Бәріне өзіміз айыптымыз. Ақпарат бермей, отбасымызды көрсетпей амандығымызды ойласақ нетті?! Бар қайратын қазақ өнеріне жұмсаған Қайратыңыз аман болсын! Бір үйдің баласын “ала қойды бөле қырқатындар” бізді бір-бірімізден айыра алмайды. Димашпен салыстыра бере ме, мейлі, Димаш – әлем жұлдызы. Оның табысы мен күш-қайраты талантындай жойқын. Ал біз екеуін де жақсы көреміз. Сіз ана болған соң да ашынасыз. Бала елдікі болған соң қорғамаңыз. Оның қалқаны – халқы. Құлынын тепкілеп сүйетін ене жұрты барда ол елін сүйсіндіріп талай шырқайды әлі. Туған күніңізбен, Ана-жүрек”, – деп жазды сазгер. 

Еске салайық, Құлсары қаласына гуманитарлық көмек жіберген Роза Әлқожа сынға қалғанын жазған едік. 

Талқылау