"Қайрат жоспарларыңда жоқ па?": Жұлдыз Әбдікәрімова балаларының жазғы демалысты қалай өткізетінін айтты
Отандық актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова жазғы демалыс кезіндегі жоспарын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/
Өнер иесі балаларының түрлі қабілеттерін айтып, қандай іске икемі барын жасырмады.
“Тура 1 айдан кейін балалар демалысқа шығыды. Біздің үйде жылдағы дәстүр бойынша жазды жоспарлау процесі басталды. Сезім 10-сыныпты бітіріп жатыр. ҰБТ, SAT, IELTS, тест сұрақтарына бас көтермей дайындалып жүр. Химия және биология бағытын таңдап отыр. Жазда Оңтүстік Кореяға осы бағытта 3 аптаға дайындыққа барады. Сондықтан бізге көп уақыт бөле алмайды. Алау 7 жасынан ALL STYLE бағытында билейді. Өзіне қатты ұнайды. Биыл екінші рет АҚШ-қа Қазақстан атынан жарысқа барады. Нарұл осы жылы хоккейді ат спортына ауыстырды. Сол сәттен бастап қолы қалт етсе, атқа мініп алады. Жазда республикалық жарыстарға қатысамын деп алып-ұшып жүр”, – деп жазды актриса.
-
Жұлдыз Әбдікәрімова қайын інісімен қалай танысқанын айтып берді
-
"Шатырлар су бетінде қалқып жүр": Жұлдыз Әбдікәрімова Қызылжар өңіріне барды
Кино жұлдызының айтуынша, сүт кенжесі Хан екеуі кітап оқуды қолға алмақ. Тіпті, жазғы демалыс кезінде оқитын кітаптарының тізімін де жариялады.
“Менің құзырымда қалғаны Хан балам ғана болып тұр. Екеуіміздің әзірге жоспарымыз біраз кітап оқысақ дейміз. Мектеп жасындағы балаларға мен ұсынатын 5 шығарма:
1. Бердібек Соқпақбаев – "Менің атым – Қожа".
2. Мұхтар Мағауин – "Тазының өлімі".
3. Сайын Мұратбеков – "Жабайы алма".
4. Антуан де Сент-Экзюпери – "Маленький принц".
5. Александр Грибоедов – "Горе от ума".
Менің тізімімді жалғастыра отырыңыз. Сіз қандай шығарманы оқуға кеңес бересіз?”, – сауал тастады өнер иесі.
Алайда желі қолданушылары балаларының әкесі Қайрат Нұртасты жоспарға кірістірмегенін жарыса жазып жатыр.
“Қайрат жоспарларыңда жоқ па?”, “Жұлдыз Қайратты ойлап, терлемесін”, “Қайраттың жоспарында отбасы жоқ”, “Мың жерден халықтың адамы болғанымен, отбасын бірінші орынға қоюы керек”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, актриса туған күнін жалғыз өзі Оңтүстік Кореяда қарсы алғанын жазған едік.