Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Түнтеков: Барлығын тастап Қазақстаннан кеткім келді (видео)

Осыдан төрт жыл бұрын болған жол апаты көптің сүйікті әншісі, ерекше дауыс иесі Қайрат Түнтековтің өмірін түбегейлі өзгертті. Көптен бері ел назарынан тасада болған әнші «Время» газетінің тілшісі Оксана Василенкоға сұхбат беріп, осы уақыт аралығында немен айналысқанын, қайда болғанын және алдағы жоспарлары жайында айтып берді.

16122559_244310242645518_1332405452012519424_n

Әңгіме барысында Қайрат тағдырын өзгерткен жол апаты жайын сөз етті. Әнші сот алдындағы бар жауапкершілігінен құтылғанын мәлімдеді.

«Осының бәрі басыма түскенде абдырап қалдым, не істерімді білмедім. Ол аздай, журналистер мен арам ниеттілер тарапынан қысым болды. Дәл осы себепті еш жерден көрінбедім, ешкіммен араласпадым. Ел ойлағандай заң алдындағы жауапкершіліктен немесе жол апатында жапа шеккендерден қашқаннан емес. Бар болғаны ешкімді көргім келмеді, себебі көңіл қошым, күшім болған жоқ», – деген Қайрат жол апатындағы қарсы тараптың өз абыройына нұқсан келтіргенін атап өтті.

Әнші басына іс түскенде жалғыз қалғанын, достарының теріс айналғанын тілге тиек етті. Ол бір кездері елден кетіп қалуды қалағанын да айтты. Алайда уақыт өте келе бұл ойынан бас тартқан. Оның аяққа тұруына туғандары мен сүйіктісі көмектескен. Одан бөлек, спорт зал, бокс пен футболдың да оң ықпалы тиген.

Қайрат енді шығармашылығына білек сыбана кіріспек. Ол ұзақ уақыттан кейін “Ұшқан бағым” атты әніне бейнебаян түсіріп, ел назарына ұсынбақ.

“Бұл бейнебаян менің жаңа өмірге, шығармашылыққа қайта оралуым. Мен үшін жаңа стиль, жаңа тыныс. Клипте өзімді актер ретінде барынша көрсетуге тырыстым. Мен онда ән айтпаймын, тек ойнаймын. 6 минутқа созылатын туындыда өзімнің жаңа әнімнің фонында шизофрениктің рөлін сомдамаймын”, – дейді әнші.

Қайраттың алға қойған жоспарлары көп. Күш-қуат жинап алған әнші алдымен гастрөлдік сапармен Қазақстанды араламақ. Ал одан кейін мұхиттың арғы жағына, дәлірек айтсақ Америкаға барып жұмыс істеуді көздеп отыр. Әнші материалдық жағдайын түзету үшін тойға шықпайтынын айтты.

“Мен өзіме және музыкама сатқындық жасамаймын. Әрине, тойда ән айтып миллиондар табуыма болар еді. Бірақ мен алаңдар жинағым келеді. Қазіргі басты көздегенім – Америка, соны бағындырсам деймін, қалғанын уақыт көрсетер. Бірақ ешқандай жағдайда Қазақстаннан кетпеймін, тек біраз уақыт Америкада жұмыс істемекпін”, – дейді Қайрат.

Скоро📽

Публикация от Kai (@tuntekov_kayrat_official)

Жіберіп алмаңыз:

Желіде Димаштың жартылай финалда айтқан әні пайда болды (видео)

Астаналық имамдар мешітте туған күнін тойлаған Қарақаттың шектен шыққанын айтты

Қарақат Әбілдина туған күнін мешітте атап өтуінің себебін түсіндірді

Ақбота Сейтмағамбет болашақ сәбиінің бөлмесін дайындауға кірісті (фото)

Талқылау