Қайрат Сатыбалдының соты: Тараптардың бірі татуласу туралы келісімнен бас тартты
"Көліктік қызмет көрсету орталығы" АҚ Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалды мен іс бойынша басқа да сотталушылардың қылмыстық ісі бойынша тараптардың татуласуы туралы келісімінен бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
20 қыркүйек күні өткен сот отырысында Қайрат Сатыбалдыұлының "Көліктік сервис орталығына" 28 миллиард теңге, сондай-ақ "Қазақтелекомға" 12 миллиард теңге төлеп, шығынды қайтарғаны белгілі болды.
"Көліктік сервис орталығы" АҚ 2022 жылғы 8 қыркүйектегі дауды сот медиация тәртібімен реттеу және тараптарды татуластыру туралы келісімге қойған қолын қайтарып алды. Және жоғарыдағы келісімді жарамсыз деп тануды сұрайды. Өтінішті Қайрат Сатыбалдыұлы, Марат Мұхамбетжанұлы және Ғайни Бекетовке қатысты қылмыстық іс материалдарына қосуыңызды сұраймын", – деді отырыс барысында судья Нұрлан Баяхметов.
"Көліктік сервис орталығы" компаниясының заңгері Жандосов компания басшылығы медиациялық келісімге келу мәселесі бойынша әлі түпкілікті шешім қабылдамағанын түсіндірді. Сондай-ақ ол келтірілген залал толығымен өтелгенін, ақшаның компания есепшотында екенін атап өтті.
- "Өз басшысын құрметтемейтін халық Құдайдың қаһарына ұшырайды": Қайрат Сатыбалды деген кім?
- Адам ұрлау және активтерді заңсыз иелену: Гүлмира Сатыбалдының ісіне қатысты жаңа деректер жарияланды
- Әділет вице-министрі: Назарбаевтың жақын туыстарын енді жауапкершілікке тартуға болады
Сондай-ақ сот отырысы барысында прокурор Жангелді Есебаев сөз сөйлеп, судьядан процеске қатысушылар өз ұстанымдарын анықтауы үшін процесті кейінге қалдыруды сұрады.
Нәтижесінде судья сот отырысын 22 қыркүйек күні сағат 17:00-ге ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Қайрат Сатыбалды сотқа ЕЦ-166/1 тергеу изоляторынан бейнебайланыс арқылы қатысты. 20 қыркүйек күні сотта айыпталушының заңгері Сатыбалдының кінәсін толық мойындап, 12 млрд теңге көлеміндегі шығынды өтегенін алға тартып жазаны жеңілдетуге үмітті екенін жеткізген.
Еске салайық, ағымдағы жылдың 13 наурызында сот Қайрат Сатыбалдыны қамауға алуға санкция берген. Ол сол уақыттан бері уақытша ұстау изоляторында отыр. 17 наурызда Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды “рейдерлікпен айналысқан” деген айыппен ұсталғаны белгілі болды. Ол 747 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.
Сатыбалдыны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері “Қазақтелеком” АҚ-ның аса ірі көлемдегі қаржысын жымқыру және қызметін асыра пайдалану фактісі бойынша ұстаған.