Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Сатыбалды жазасын өтеп жатқан колонияда қақтығыс болып, төрт адам зардап шекті

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды жазасын өтеп жатқан колониядағы қақтығыс кезінде төрт адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: inform.kz 

Бұл туралы қылмыстық атқару жүйесі баспасөз қызметі мәлімдеді. 

"Осы жылдың 14 шілдесінде ШҚО бойынша ҚАЖД-ның № 22 мекемесінде әкімшілік қызметкерлері тұрмыстық негізде кенеттен туындаған жанжалды жағдайдың жолын кесті. Оқиға ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген. Жедел-тергеу тобы шақырылған. Қызметтік тергеу жүргізілуде. Жанжал барысында 4 сотталушы жеңіл жарақат алды, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жанжалға кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, тәртіптік изоляторға қамалды.


Қайрат Сатыбалды қамауда отырған кезінде Алматыдан қонақ үй сатып алған


Еске салайық, 20 қыркүйек күні сотта айыпталушының заңгері Сатыбалдының кінәсін толық мойындап, 12 млрд теңге көлеміндегі шығынды өтегенін алға тартып жазаны жеңілдетуге үмітті екенін жеткізген.

Ағымдағы жылдың 13 наурызында сот Қайрат Сатыбалдыны қамауға алуға санкция берген. Ол сол уақыттан бері уақытша ұстау изоляторында отыр. 17 наурызда Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды “рейдерлікпен айналысқан” деген айыппен ұсталғаны белгілі болды. Ол 747 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

Талқылау