Қайрат Сатыбалды мемлекетке 650 миллиард теңгенің мүлкін қайтарды
2023 жылдың 10 айдың қорытындысы бойынша Қайрат Сатыбалды мемлекетке 650 миллиард теңгенің мүлкін қайтарды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомство өкілінің айтуынша, қазір Сатыбалдадан тәркіленген мүліктің барлығы мемлекет меншігіне өткен. Олардың жалпы құны 650 миллиард теңгеден асады.
"Қайрат Сатыбалды бойынша елден заңсыз шығарылған 650 млрд теңге (1,4 млрд доллар) мемлекетке қайтарылды. Оның ішінде әртүрлі мүлік бар", – деді Арман Тілеукенов брифинг барысында.
Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет барлық қылмыстық істерді тергеу аясында соңғы екі жылда мемлекетке 912 миллиард теңге қайтарған.
Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Сатыбалды қылмыстық жолмен алынған қаражатқа және заңсыз ақшадан түскен пайдаға түрлі мүлікті, соның ішінде шетелде де сатып алғаны туралы хабарлаған едік. Заңсыз жолмен алған ақшаны Қазақстан мен шетелдегі банк шоттарына салып отырған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"