Қайрат Нұртастың інісі қалыңдығын ұзатып алды
Гүлзира және Нұртас Айдарбековтердің шаңырағына келін түсті. Үйдің кенжесі Заңғар Нұртас кеше қалыңдығын ұзатып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ал үшінші күні кенже келінді ұзатып алды. Айдарбековтер жанұясының мүшелері мен той қонақтары әлеуметтік желіде тойдың кадрларын жариялады.
Онда ұзату тойға қазақстандық жұлдыздардың қатысқанын байқауға болады. Қызды ортаға Жазира Байырбекова алып шығып, той соңында ұзатып, шығарып салды. Сондай-ақ Нұрлан Еспанов, Абай Бегей, Мирас пен Құралай сынды өнер жұлдыздары бұл тойға Айдарбековтерді қолдап келді.
Ал Қайрат Нұртас тойға жалғыз келді. Жұбайы Жұлдыз бұл күнді өз үйінде өткізді. Бұл күні Қайрат пен Жұлдыздың үшінші перзенті Нарұлдың 11 жасқа толғанын айта кетейік.
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген