AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас Түркиядан үй сатып алды

Түркиядан жылжымайтын мүлік алған қазақстандықтардың қатарына енді Қайрат Нұртас қосылды. Ол Аланиядан үй сатып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әнші Instagram парақшасында өзге елден алған баспанасын көрсетті. 

"Құттықтап қойсаңыздар болады ағайын, әрбір қазаққа бұйырсын!" - деп бөлісті ол.

Фанаттары мен әріптестері әншіні жарыса құттықтады. Ал Төреғали Төреәлі болса әріптесіне өлең арнады. 

"Қайреке-ау, Қазақстан қалай болар?
Біз ұқсап құрметтеуге жарай ма олар?!
Стамбул көлік берсе құтты болсын
Сен алған үй де зәулім сарай болар?!

Нар тәуекел деп кеткен Түркияға
Олар да біздің ұлға абай болар.
Түркі тілдес халықты әнмен жаулап
Ол жақта да концертің талай болар.
Бастысы баспаналы болып алдың
Басқасын басып алу оңай болар?!" - деді ол.

Бұған дейін Гүлзира Айдарбекова Стамбұлға барып, кенже ұлы мен келініне бизнес ашып берген еді.


Әнші Кентал ұлының тұсауын Димаш Құдайбергенге кестірді

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр