Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас тағы бір бап бойынша айыппұл төледі

Танымал мегажұлдыз Қайрат Нұртас екі бірдей жауапкершілікке тартылып, айыппұл төледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kair_n/

Жаңалық Ішкі істер министрлігінің Telegram парақшасында жарияланды. 

Telegram желісіндегі EGOV.PRESS арнасында Қайрат Нұртас пен тағы бір қазақстандық әнші HIRO-ның видеосы жарияланды. Бейнежазбадан әртістер музыканың дауысын қатты қойып, көлікте келе жатқанын көруге болады. Бұл жағдай бойынша Қайрат Нұртасқа көлікте қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін айыппұл салынды.

“Құқықбұзушыға қатысты шаралар қолданылыды. Көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай жүргізгені үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ӘҚБК – нің 593-бабы 2-бөлігі)", – деп хабарлады мекеме басшылығы. 



Айта кетейік, өнер иесі сахнадағы бейәдеп сөзі үшін де жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалаған еді. 

“Бейнежазбада қоғамдық орында балағат сөздер айтқан әнші жауапқа тартылды. Ұсақ бұзақылық бойынша оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды", – делінген полиция хабарламасында.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесіне айыппұл төлеткендерді жақтап жатыр. 

“Қайраттың басы даудан арылмайды екен”, “Байдың баласы болса да, заңға бағынуы керек”, “Көлік жүргізу куәлігінен айырсын, басқалар сабақ алсын”, “Ішіп алған адамға ұқсайды”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салсақ, бұған дейін Қайрат Нұртастың тыңдарманы оның сахнада айтқан дөрекі сөздерін "не істесе де жарасады" деп ақтаған еді.

 

Талқылау