Қайрат Нұртас отбасымен ломбада билеп, жаңа челлендж бастады (видео)
Қайрат Нұртас отбасылық челлендж бастады. Ол бала-шағасымен, жары Жұлдызбен бірге ломбада биледі. Бұл көрініс желідегі оқырмандарының көңілінен шықты.
Қайрат Нұртас отбасымен өзінің орындауындағы "Ломбада" әніне биледі. Челленджде кенже балаласы Ханның да әкесінен қалмай, билегенін көруге болады.
"Би - еркіндік белгісі. Би өмірді ұзартады, өмір сүруге деген құштарлықты арттырады және бидің қимыл-қозғалысы жүректі қажытпай, адамның көңілін көтеріңкі ұстауға септігін тигізеді.
Сондықтан достар бізбен бірге билеңіздер.
Осы отбасылық би челленджін барлық оқырмандарыма жолдаймын.
Айпақшы мені белгілеуді ұмытып кетпеңіздер", - деп жазды Қайрат желіде.
Осылайша әнші көпшілікті үйде болуға шақырды. Үйде отбасымен қалғанда уақытта осылай көңілді өткізуге кеңес береді.
"Бала-шағаңмен қандай әдемі көрініс. Балалары мәз, әкесі қасында", "Биді қалай күшті билейсің, нағыз хореографсың", "Жұлдыз да, өзің де, балаларың да жақсы билейді, тамаша бастама", - деп жазады желідегілер.