Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас: Мен сені сүйемін, бірақ жек көремін

Қайрат Нұртас жаңа ән жазды. Бұл ән бұрынғы әндерінен өзгерек. Әнші әннің сөзін де, әнін де өзі жазған. 

Тыңдармандары Қайрат Нұртастың әнін өз өмірімен байланысты деп топшылады. 

“Әні, сөзі өзімдікі! Жақында өздеріңізге жол тартады ИншАллаһ! Сөзіне көмектескен Калифарния. Шабыт берген өзің ғой, Ақсұңқар”, – деп жазды Қайрат Нұртас. 

“Мен сені сүйем, бірақ жек көрем,

Өзің кінәлі, мен кет демедім.

Мен еліме еркелегем, 

Мендегі кінә ол,

Еліме еркелегенім”, – деп келтірді ән мәтінін. 

Айта кетейік, Қайрат Нұртастың соңғы кезде әйелі Жұлдызбен ажырасып кеткені  айтылды. Мұны анасы Айдарбекова да растады. Алайда жұлдызды жұп кейіннен қайта бас қосты. Көпшілік оларды бірге болуға шақырды. Енді бірі жай ғана хайп деп бағалады. 

Ал жаңа әні әншінің өз өмірінен хабар беретіндей.

“Жұлдызға арналған өлең”, “Жұлдызға арналған-ау”, “Өз өмірлеріне ұқсайды”, “Олар сәтті пайдаланып, ән шығарып жіберген ғой”, “Бастысы бақытты болсын, қазір бірге ғой”, “Аман болыңыз, әніңіз керемет”, “Қашан шығады”, “Сазгер бола бастадыңыз ба?”, “Тыңдауға жақсы екен”, деп жазды олар. 


Талқылау