Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың концертінде жоғалған тонды қайтарған әйелге сүт тартатын машина сыйға тартылды

Павлодарлық полицейлер Қайрат Нұртастың концертінде жоғалып кеткен тонды қайтарып берген Қалқаман ауылының тұрғынына сүт тартатын электр машинасын сыйға тартты.

1466995549_1

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бөтен адамның киімін иесіне алып келген зейнеткердің адалдығын тәртіп сақшылары ерекше бағалап, ынталандыруды жөн көрген. Алайда ақшалай сыйақыдан бірден бас тартқан ауыл тұрғыны мал ұстайтындықтан көптен бері тоқ сепараторын алуды армандап жүргенін айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, 8-наурыз күні Павлодарда Естай атындағы мәдениет сарайында Қайрат Нұртастың «Жұбатуға арналады бұл әнім» атты ән кешінен кейін қала тұрғындарының бірі Алмагүл Байдельдинова өзінің құндыз тонын таба алмай қалған.

Бейнебақылауда сырт киімді белгісіз біреу киіп кеткені түсіп қалған.

Оқи отырыңыз:

Әншілер Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылын білмей ұятқа қалды

Айшаның жап-жас анасын көрген жұрт оның сұлулығына таңдай қақты

Мәдина Сәдуақасова қоғамдық көлікке отырып көпшілікті таңғалдырды

Тоқтар: Қыздарға қараймын, бірақ Бейбіт тоқал алуға рұқсат бермейді

Талқылау