Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас: Жұлдызды көрсеткен соң, елдің бәрі әйелдерін көрсете бастады (фото)

Күні кеше Қайрат Нұртастың командасы отандық шоу-бизнестің басын қосты.  БАҚ өкілдері мен жұлдыздарды жанына жинаған хитмен «Арман» атты фильмінің тұсауын кесті. Бұл кештің басты кейіпкері әншінің 10 жыл бойы жасырған жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова. Дүйім жұрт ұзақ күткен аталмыш картинаның көрсетіліміне Stan.kz тілшісі де барып қайтқан болатын.

«Маған оңай болған жоқ. Екі жыл жұмыс істеп, одан кейін күйеуге шығып, Алла тілеуімізді қабыл етіп балалы болдық. Бала тәрбиесінде болдым дегендей. Жұмысқа бірден кірісіп кете алмадым шыны керек», – дейді бүгінде «жұмбақ жанға» айналған Жұлдыз Әбдікәрімова.

Ал, 10 жылға жуық уақыт жанұясы жайлы жан баласына жақ ашпаған Қайрат Нұртас бұл қадамын алғаш рет дүйім жұртқа былайша түсіндірді…

«Бұл бір пример болды бір жағынан. Жұлдызды көрсеткеннен кейін, біразы қазір әйелдерін көрсете бастады ғой. Бірақ мұның бәрі Алланың қалауымен ғой ағайындар. Осы уақытқа тіреліп тұр, осы күнге келіп тұр. Осы сәт керемет сәт шығар, осының бір қайыры болып тұрған шығар. Сондықтан, жақсы жағынан түсініңіздер», – дейді ұзақ жылдар бойы жұбайын жұрттан жасырып келген Қайрат Нұртас.

«Арман» картинасында бай балалары қарапайым қыздың арасындағы текетірес суреттеледі. Басты рөлде Қайрат пен Жұлдыз ғашықтардың өмірін сомдаған. Алайда, екі жастың арманын жүгенсіз жүрген шенеуніктердің ұлдары күл-талқанын шығарады. Stan.kz тілшісі жаңа кинотуындыны тамашалаған танымалдардың да пікірін білген еді.

«Жұлдыз не деген мықты актриса. Мұндай кәсіби маманды кинода әрдайым көрсету керек. Біздің қоғамдағы мәселелерді қорықпай көрсете білгені үшін, бұл командағы рахмет айтқым келеді», – дейді көрсетілімге келген Мәдина Сәдуақасова.

«Жұлдызға «5+» деген баға қою керек. Бүгін мен актерлық шеберлігін көріп жыладым. Залда отырып, қайта-қайта көз жасыма ие бола алмадым», – дейді әнші Шахизада.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан бірнеше жыл бұрын Қайрат Нұртас бой көрсеткен «Өкініш» картинасы, кезінде сынның садағына іліккен болатын. Ал, «Арман» фильмінің бағасын алдағы уақытта көзіқарақты көрерменнің өзі беретін болады.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

 Аша Матай: Қайрат пен Жұлдыздың бір-біріне деген махаббаты ыстық екен

Танымал нумеролог: Қайрат Нұртасқа табыс алып келген оның жары Жұлдыз

Төреғали Төреәлі қанша баланың әкесі екенін айтты

Айдарқұловтың экс-жары әзілкешпен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты

Талқылау