Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас тұңғыш қызының сүйемелдеуімен Абайдың әнін шырқап, көпті сүйсіндірді (видео)

Алма ағашынан алысқа түспейді! Қайрат Нұртас балаларымен бірге концерт қойған соң, көпшілік бұл сөздің растығына тағы бір мәрте көз жеткізді. Хитменнің балалары бірінен бірі асып, бірі ән айтып, екіншісі би билеп, ал үшіншісі фортепианода ойнап, жұртты таңғалдырды.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Гүлзира Айдарбекова тұңғыш немересі Сезім туралы желідегі оқырмандарына сыр шертті. Ол концерт басталмас бұрыс нәзік жүректі немересінің жылап қалғанын еске алып, оның фортепианода ойнаған сәтін желідегі парақшасында жариялады.

“Алдыңғы посттарымда өзімнің жеке меншік қызым, Алауым жайлы жазып едім. Енді атасының жеке қызы Сезім жайлы айта кетейін. Сезім туылған кезде, Нәзік не болмаса Нәзігім деп ат қойғым келген. Бірақ, сонымен кім қоятын болдық деген кезде, бірден Сезім деген есім ойыма келді. Сезімтал, жүрегі мейірімге толы адал қыз болсыншы деп ниеттендім. Шынында Сезім сезімтал болып өсіп келеді. Бір сөзді екі рет айтқызбай бәрін орындауға тырысады. Өте уайымшыл, жүрегі нәзік. Астанадағы концертімізде әкесінің абыройын ойлап уайымдады ма білмеймін, саxнаға алғаш қадам басып шығар алдында, толқып үнсіз жылап алды. “Сезім, сен дайынсың ба?” деген кезімде, көзінің жасын сүртіп, мені уайымдап қалмасын дегендей, “иә апа” деп күлімдеп қарап саxнаға қарап аяқ басты. Бұрын Қайратты уайымдап толқушы едім, немере деген қанттан шыққан бал екен. Ұлыма да, немерелеріме де, ертеңгі концертімізге сәттілік тілеймін! Алла абырой берсін”, – деп бөлісті ол.

Инста-оқырмандар Қайраттың балаларына тәнті болып, ақ тілектерін жаудырды. Олардың бір тобы Айдарбекованы “немерелерін пайдаланып, өзіне PR жасамақшы” деп айыптады.

Жіберіп алмаңыз:

Бізге ана керек: Nazar тобы анасынан айырылған отбасы туралы бейнебаян түсіріп, жұртты жылатты (видео)

Қазақстандық бойжеткен Ташкентте өткен сұлулық байқауында бас жүлдеге ие болды (фото)

Гүлзира Айдарбекова: Туған сіңлім не қызым болмағандықтан, немерелерімнің есімін өзім қойдым (видео)

Нұржан Керменбаев Төреғали Төреәлі үшін халықтан кешірім сұрады

 

Талқылау