Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық бойжеткен Ташкентте өткен сұлулық байқауында бас жүлдеге ие болды (фото)

Биыл Ташкентте алғаш рет «Miss Union Fashion – 2018» сұлулық байқауы ұйымдастырылды. Байқауда қазақстандық бойжеткен топ жарып, бас жүлдеге ие болды.

Бұл туралы  nuz.uz сайтына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандық Жәния Сейтжаппар Ташкентте өткен сұлулық байқауында бас жүлдеге ие болды. Байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен келген арулар қатысты.

Шараға Қазақстанның, Грузия, Өзбекстан мен Әзірбайжанның белгілі сәнгерлері мен модельдері қатысты. Сонымен қатар, байқауға төрешілік ететін қазылар алқасы әр мемлекеттен таңдап алыныпты.

Қатысушылар байқау барысында өз елін, салт-дәстүрлерін таныстырып, өнер көрсетті.

Ал байқаудың ақтық кезеңінде арулар ақылына көркі сай екенін дәлелдеуге тырысты. Бұл кезеңде бойжеткендер зияткерлік ойындарға қатысып, білімділігін көрсетті.

Сондай-ақ, байқауда “Тулар шеруі” өтіп, әр бойжеткен өз елінің туын таныстырды.

Оқи отырыңыз:

Гүлзира Айдарбекова: Туған сіңлім не қызым болмағандықтан, немерелерімнің есімін өзім қойдым (видео)

Нұржан Керменбаев Төреғали Төреәлі үшін халықтан кешірім сұрады

Ресейлік танымал актриса Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болғанын мойындады

Қазақша таза сөйлеген Айсәуле Бақытбек неліктен тұрмысқа шығуға асықпайтынын айтты (видео)

Талқылау