Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Құдайбергенге қысым көрсеткен прокурордың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қайрат Құдайбергеннің адвокаттары Мұрат Әмитов пен Әсентай Ақаевтың хабарлауынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет адвокаттары жоқ кезде қысым көрсеткені үшін прокурорға қатысты азаптау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайрат Құдайберген

Бұған дейін мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенге тергеу изоляторында моральдық-психологиялық қысым жасалғаны хабарланған болатын.

"Қайрат Құдайберген тергеу изоляторының қабырғасында болған кезде, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының уәкілі адвокаттардың жоқ кезде оған қысым көрсеткенін білдік. Тергеу изоляторына қамауға алып, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлай отырып, моральдық-психологиялық қысым көрсеткен. Қызметкер айғақтар ұсынбаса, қамау мерзімін ұзартатынын айтып қорқытқан", - деп жазды адвокат Әмитов әлеуметтік желіде.


 


Сәуірдің 21-нен 22-сіне қараған түні Алматыда қалалық мәслихат депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген ұсталып, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол қаңтар күндері жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілінді.

Талқылау