AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жала жапқандарды тапсам, өз қолыммен жазалаймын": Қайрат Құдайбергеннің ата-анасы сұхбат берді

"Балама жала жапқандарды тапсам, аямаймын, өз қолыммен жазалаймын!" Қамауға алынған Алматы қалалық мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің анасы осылай деп мәлімдеме жасады. Бибігүл Қабдолдинаның айтуынша, оның ұлы Қайраттың ешқандай кінәсі жоқ. Әлдебіреулер оған жала жауып отыр. Қайрат Құдайбергеннің жақындары Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қайрат Құдайберген әлеуметтік желіде белсенді депутаттардың бірі. Ол қоғамдағы өзекті тақырыптарды жиі көтеріп, сонысымен де елдің назарында жүреді. Көпшілік Қайрат Құдайбергенді "олигарх, миллиардер" деп ойлайтын көрінеді. Алайда анасы мұны жоққа шығарды. 

"Мен – дәрігермін, әкесі –  зоотехник. Атасының түрі міне. Совхозда партия ұйымдастырушысы болды. Біз олигарх болсақ, онда бізді солай атап жүрген елге, үкіметке рахмет",  – деді Бибігүл Қабдолдина.

Анасының сөзінше, Қайрат бала кезінен "еті тірі", еңбекқор бала болған. Сол шақтың өзінде кәсіпкер болатынын ата-анасы сезген. Бүгінгі жетістігіне өз күшімен жеткен.

"90-жылдарда қиын заман болды. Жалақы төленбейтін. Мен жұмысты қойып, базарға шықтым. Бұл (Қайрат) сабаққа, әкесі екеуміз тауарға кетеміз. Келіп, сауда жасаймын. Сонда Қайрат сабақтан келіп, тез шешініп, бірдеңе жей сала жүгіріп келетін. "Мама, сен барып тамағыңды ішіп ал, мен тұра тұрамын", – дейтін. Сонда небәрі 8-9 жаста. 
Кішкентай кезінен бойында кәсіпкерге тән қасиеттер болды. Осы сен бізді асырайсың деп айтатынмын", –  дейді анасы.

Мектеп бітірген соң, Құдайберген ақылы оқу орнына түскен. Ата-анасы алғашқы оқу ақысының жартысын төлеп, қалғанын баланың өзіне табуды тапсырған. 



"Содан ол диджей, даяшы, дилер болып жұмыс істеді. Сол кезден бастап казиноларды жек көреді. Себебі ішінен көрді", – дейді анасы.

Қайрат Құдайберген елімізде онлайн казино, букмекерлерге қарсы онлайн петиция құрған еді. Депутат әлеуметтік желіде де құмар ойынға деген көзқарасын ашық білдірген. Анасының ойынша, оның бұл әрекеті әлдебіреулерге жақпай қалған болуы мүмкін. 

"Балама жала жауып отырғандар қолыма түссе, аямаймын. Мен ең жаман нәрсеге де барамын. Ол адамдарды көрсем, мына істеген қиянаттары үшін өлтіріп тастауға дейін барамын. Жаман сөз айтсам, Алла мені кешірсін. Бірақ мен оларды өз қолыммен жазалаймын. Қоймаймын. Табылса екен, жазасын алса екен деп әр намазымда тілеп отырмын. 

Баламның күнәсіз екенін білемін, мен өзім тәрбиеледім. Кішкентайынан еңбекқор, тірнектеп жинап, бірге-бірді қосып, барын маған әкеп беріп отыратын бала. Елі үшін осындай қызмет істеп жүргенде мынадай жала жауып отырғанына мен шыдамаймын", – деп көзіне жас алды Қайрат Құдайбергеннің анасы.

Бибігүл Қабдолдина ұлынан құмар ойын тақырыбын қайта-қайта көтермеуді сұрағанын айтады. 

"Осы букмекерді көтере бермеші, оның арты ақша. Саған бәле болады деп айттым. Хабарламам WhatsApp-та тұр. "Ана, дұрыс іс үшін болса, мен отырамын. Біз істемесек, кім істейді?" – деді. Қайрат қазіргі заманның батыры деп нақты айта аламын. Сол батырдың үнін өшіру керек болды", – дейді әйел.  

Айта кетейік, 22 сәуірде Қайрат Құдайбергеннің қамауға алынғаны белгілі болған еді. Депутатқа Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты (ҚР ҚК 272-бабының 1 және 2-бөлігі) деген айып тағылған.  

Бұған дейін Қайрат Құдайберген тергеу изоляторында өзіне қысым көрсетілгенін мәлімдеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр