"Қайрат" Қазақстан футбол чемпионатының жеңімпазы атанды
10 қарашада премьер-лига командалары арасындағы футболдан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Қайрат ФК
Үш жылдан кейін алтын медаль алматылық "Қайраттың" ойыншыларына бұйырды.
"Қайрат" шешуші кездесуде атыраулықтарды 1:0 есебімен жеңді.
Маңызды голды кездесудің 59-минутында грузин легионері Григорий Зария соқты.
Соның арқасында алматылықтар жалпы 47 ұпай жинап, өз тарихында төртінші рет Қазақстан чемпионы атанды.
Биылғы маусымның күміс жүлдесі елордамыз Астанаға (46) екінші жыл қатарынан бұйырды. Григорий Бабаян шәкірттері 26-турда "Жетісудан" басым түсті – есеп 5:0 болды.
"Қола" ҚПЛ-2024 маусымның соңғы ойынында Түркістан облысының "Тұранынан" (2:0) мықты болған "Ақтөбе" (43 ұпай) ойыншыларына бұйырды.
"Ордабасы" "Елімайды" жеңгенімен (2:1), турнир кестесінде 4-орында қалды.
Астаналық тұрғын ұлының Қазақстанда жоқ диагнозына ем таппай жүр
Бұндай диагноз Қазақстанның емдеу хаттамасында мүлдем жоқ.
«Қазақстан халқына» қоры енді құны 1 миллиард теңге тұратын Zolgensma препаратын сатып алуға көмектеспейді: Дертке шалдыққан балалардың ата-аналары алаңдаулы
Қазақстандықтар: "Миллиондаған ақшаны түрлі концерттер, қажетсіз дүниелерге жұмсағанша, әр балаға көмектессін!”

