"Қайрат" футзалдан Қазақстан кубогының жартылай финалына өтті
"Қайрат" Қазақстан кубогының топтық кезеңінің 4-тур матчында ақтөбелік "Рахатты" жеңді. Бұл туралы Vesti.kz басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен кездесуде алматылықтар қарсыластарын 7:5 есебімен жеңді. Жалпы есеп бойынша А тобында "Қайрат" командасы бірінші орынды иеленіп, жартылай финалға өтті. Жартылай финалда қос топтың үздік деп табылған командалары кездеседі.
Айта кетейік, "Қайрат" футзалдан 18-рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанған болатын.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"