Қайрат Боранбаевтың інісіне іздеу жарияланды – БАҚ
Қаржылық мониторинг агенттігі қамауда отырған Қайрат Боранбаевтың інісі кәсіпкер Мұрат Боранбаевқа іздеу жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құқықтық статистика органдары порталында Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланғаны туралы ақпарат пайда болды. Іздестіретін орган – Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті.
БАҚ-та Мұрат Боранбаев кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың інісі екені айтылған. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алулар сайтында Мұрат Боранбаев 2017 жылы AlanParking ЖШС басшысы болып тіркелгені туралы мәлімет бар.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"