Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалды жазадан құтылып кете ала ма? Сарапшы жауап берді

Экономист Бауыржан Ысқақов Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевтың мемлекетке қаражатты қайтарып беруіне қатысты пікір білдіріп, бірнеше сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, қайтарылған қаржыны зейнетақы қорына жұмсау халыққа мол пайдасын тигізеді. Сонымен қатар олардың жазадан құтылып кетуі екіталай екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

бауыржан

Бауыржан Ысқақовтың сөзінше, мемлекетке қайтарылған ақша әр елде әр түрлі мақсатта жұмсалады екен. 

"Бірінші, көрші Ресейдегі секілді қаржыны зейнетақы қорындағы сақтандыру жарналарын төлеуге жұмсауға болады. Біздің зейнетақы қорындағы қаражат әлемдік банктердің активтерінде. Соған қосымша қор ретінде дивиденттік түсімдерінің артуына бағыттайтын болса, қарапайым халық осы қаржының расымен түскенін байқайтын еді", – дейді экономист. 

Сарапшының айтуынша, үстілерінен іс қозғалған Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдының тергеу органдарымен бірге әрекет етіп, қаржыны қайтаруы жазадан құтылып кетеді дегенді білдірмейді. 

"Бұл тек соңында алатын жазаны жеңілдетеді. Меніңше, олар жазадан құтыла алмайды. Бізде үкімет пен экономикадағы процестер жария түрде өтеді. Сондықтан барлығы халықтың көз алдында. Заңсыз әлсіз кезінде шетел асып кеткендерді көрдік. Ал оларды жазаға тарту нәтижелі жұмыс болады. Тек бір нәрсені есепке алу керек. Яғни ұрланған қаржы мемлекетке қайтарылып, ал өздері тиісті жазаға тартылуы қажет", – деп атап өтті ол.    

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Боранбаев пен Қайрат Сатыбалдының істеріне қатысты жаңа деректер пайда болған еді. Комиссия өкілдері аса ірі көлемде қылмыстық кірісті заңдастыру белгілері бар даулы істер қатаң бақылауда екенін мәлімдеген. 

Талқылау