Қайрат Боранбаевқа тиесілі мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті
Қайрат Боранбаевқа тиесілі Phystech II мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: mcdonalds.kz
Мемлекет меншігіне өткен компанияның 100% акциясының жалпы құны 35,4 млрд теңгеге бағаланған.
"Акционерлер жалпы құны 35 417 122 000 теңгені құрайтын қоғамның 13 749 100 жай акциясын (100%) мемлекет меншігіне ерікті түрде және өтеусіз өткізу туралы шешім қабылдады", – делінген KASE Қазақстан қор биржасының сайтында.
Phystech II кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі Маңғыстау облысындағы Солтүстік Қаражанбас мұнай кен орны. БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, бұған дейін компания тек шығын әкелген.
Еске салсақ, бұған дейін Қайрат Боранбаевтың "ҚазТрансГаз" АҚ-ның ақшасын жымқырғаны үшін 6 жылға сотталғаны туралы жазған болатынбыз.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты