Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Боранбаев түрмеден босатылады

Қайрат Боранбаевқа шығарылған сот үкімі өзгертілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: mcdonalds.kz

Бұл туралы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Сот Боранбаевтың өтінішін қанағаттандырып, жазаның өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырды.

Үкімді ауыстыру кезінде сот мынадай мән-жайларды ескерді: сотталған адам жазаның заңмен белгіленген мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеген; кінәлі мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеген, тергеу барысында белсенді түрде ынтымақтастық танытып және жасаған қылмысына өкінеді. Мекеме басшылығы тиісті құжаттарды тапсырып, өтінішті қолдады", – делінген хабарламада.

Сот шешіміне сәйкес Боранбаев түрмеден босатылып, пробациялық бақылауға алынады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін сот үкімі бойынша Қайрат Боранбаев мемлекет мүлкін жымқырғаны үшін мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Талқылау