Қайғылы трагедиядан кейін: Баян Мақсатқызы 6 жылда көзіне 8 рет ота жасатқан
Баян Мақсатқызы Францияның Биарриц қаласында ем алып жатыр. Танымал продюсер жуырда көзіне екі ота жасатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алагөзова 2016 жылы басынан өткен трагедиядан кейін бас-аяғы 8 ота жасатқанын айтады.
"Бұл қалада алғаш рет осыдан алты жыл бұрын болдым. Ол кезде де мұхиттың шуымен бір ай бойы оңалдым. Міне, қазір де қатты зақым келген көзіме жасалған екі отадан кейін осы қалада қалпыма келіп жатырмын. Айтпақшы бұл – ешкімге айтпаған операциялардың сегізіншісі.
Денсаулығымды қалыпқа келтіру үшін бәрін істедім, енді барлығы қалпына келеді. Мен толыққанды өмір сүремін деп қатты үміттенемін", – деп бөлісті Мақсатқызы.
Айта кетейік, Баян Алагөзова 2016 жылдың жазында бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың соққысына жығылып, пышақ жарақаттарын алған болатын. Соттың шешімімен продюсердің экс-жары сол жылы 9 жылға сотталды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар