Қатты уайымдады: Ділназ Ахмадиева ақтөбелік мүмкіндігі шектеулі балалардан кешірім сұрады
Танымал әнші наурыз айында Ақтөбеге келіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап концерт беруі керек еді. Бір келеңсіздіктің кесірінен өнер иесі Ақтөбеге атбасын бұра алмады, алайда қайта келуге уәде берді. Әнші сөзінде тұрды.
Бұл туралы аймақтық “Диапазон” басылымына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Өткен жолы ауырып қалып, келе алмағаны үшін Ділназ қатты уайымдады. Кейін өзі хабарласып, ақтөбелік балаларға арнап концерт бергісі келітінін айтты. Бұл жерге тек балалар үшін келіп отыр», – дейді қала әкімінің орынбасары Гүлбаршын Айдарханова.
Ахмадиева бұрынғы филармония ғимаратында өнер көрсетті. Онда мүмкіндігі шектеулі балалармен қатар, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыдан шыққан жеткіншектер жиналды.
Концерт басталмас бұрын Ахмадиева балалардан кешірім сұрап, балалар ренжімесін деген ниетпен қайта келіп отырғанын түсіндірді. Әнші бұған дейін уәде етілген екі әннің орнына тұтас концерт қойды. Бұдан бөлек, Ділназ балаларға жеке дискін тарту етті.
Оқи отырыңыз:
Гүлнұр Оразымбетова өзіне “топас” деп тіл тигізген тыңдарманына жауап берді
Нұртас Адамбай “халықтың” сценарийі бойынша фильм түсірмек