Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлнұр Оразымбетова өзіне “топас” деп тіл тигізген тыңдарманына жауап берді

Әлеуметтік желі дамыған заманда қарапайым халық сүйікті әншісімен тікелей тілдесе алады. Алайда бұл “мүмкіншіліктің” теріс жағы да бар. Аузына келгенді жазатын желі оқырмандарының қыр-сырын отандық әншілер жақсы біледі. Алайда шыдамның да шегі бар! Мәселен, Гүлнұр Оразымбетова өзіне “топас” деп тіл тигізген желі оқырманына ренішін жеткізді.

Гүлнұр Оразымбетова

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Мен бүгін өз парақшамнан бір оқырманымның ” Маған осы кісі “Топас” сияқты көрінеді” деген пікірін оқыдым. Қалай ойласам да, қалай ойлансам да өзімді “топастардың” қатарынан көре алмадым… Ойлап қоям, топас болсам мектепті үздік аттестатпен, жоғарғы оқу орындарын “қызыл дипломмен” бітірер ме едім деп. Соңымнан ерген бауырларыма қамқор болып, ата-анамның батасын алып, үлкен әулеттің келіні болып, алтындай 2 ұлдың анасы атанып, менің әндерімді жақсы көріп тыңдайтын xалқымның сүйікті әншісі болып жүрмейтін едім ғой.

Айта берсем, осы кезге дейінгі жеткен азғантай да болса жетістіктерім талмай еткен еңбегімнің, қиындыққа мойымай алға ұмтылғанымның, үлкенді аға, апа деп құрметтеп, кішіні іні, сіңілім деп басынан сипап ізет көрсеткенімнің жемісі деп ойлаймын. Осы пікірді жазған азаматшаға айтарым: Өз өміріңізге ризасыз ба, не бітірдіңіз осы уақытқа дейін, қандай жетістіктерге жеттіңіз, бір сәт ой елегінен өткізіңізші бәрін… Әр адамның бойынан “мін” іздеймін деп уақытыңыздың қалай өтіп кеткенін байқамай қалмаңыз! Өмірдің қамшының сабындай қысқа екенін ұмытпағайсыз!” – деп ренішін жеткізді әнші.

Желі қолданушылары әншіге басу айтып, мәдениетсіз адамдардың сөзіне мән бермеуге шақырды.

Тағы оқыңыз: 

Шахизада: Арсыз әншілерді жарнамалайтын телеарналарды жазалау керек

Айгүл Иманбаеваның ұлы чех қызымен көңіл қосты

Бақытсыздық үкімін кестім: Отандық актриса ажырасқаннан кейін қалай айыққанын айтты (видео)

“Қалаулым” жұлдызы Жанерке: Пиар үшін жігіттің әке-шешесімен танысатын көргенсіз емеспін

Талқылау