Катонқарағай ұлттық паркіне демалушылардың кіруіне тыйым салынды
Фото: aviales.kz
Катонқарағай ұлттық паркінде өрт қауіптілігінің ең жоғары 5-деңгейі белгіленіп, орманға кіруге шектеу қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы ұлттық парк әкімшілігі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Алматыда өрт қаупінің 5-деңгейі жарияланды
“Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында 5-төтенше орман өрті класының тұрақты орнауына байланысты, өрт қауіпсіздігі қағидаларының 17-тармағы, 9-тармақшасына сәйкес, жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына шектеулер енгізіледі”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысындағы Ақсай шатқалында ірі өрт шығып, жалынды сөндіруге тікұшақ әкелінгені туралы жазған едік.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"